Автоклавталған газоблоктарды өндіру процесі
- Шикізат компоненттерін араластыру – құм, су, цемент, әк, гипс және алюминий ұнтағы берілген рецепт бойынша автоматты режимде араластырылады;
- Массивтің пісіп-жетілуі, кеуектену – арнайы камераларда 80С температурада 180 минут ішінде жүреді;
- Массивті кесу – жоғары дәлдікті станоктармен берілген өлшемдер бойынша жүргізіледі;
- Автоклавтау – арнайы автоклавтарда 12 атм. қысымда және будың температурасы 180-190С кезінде жүреді. Осы кезеңде блоктар түпкілікті беріктікке ие болады;
- Сепарация – автоклавтаудан кейін массив жабысып қалған блоктарды ажырату үшін сепаратордан өтеді;
- Қаптау – арнайы ұстағышы бар кран блоктарды паллеттерге қояды, одан әрі паллеттер дайын өнім қоймасына жылжытылады.
29.10.2026